Жақында продюсердің екі қызы өмірге келген болатын.
«Өзімді 35 жастағыдай сезінемін»: сәбилі болған Баян Мақсатқызы қазіргі сезімі туралы айтты
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
6,461
оқылды

50 жасында сәбилі болған Баян Мақсатқызы өзінің қандай ана екенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Жақында продюсердің екі қызы өмірге келген болатын. Ол балалары кішкентай болса да, үнемі жұмыс істегенін айтады.

“50 жаста ана болу қандай деп менен жиі сұрайды. Бір қызық жайт: менің қолым мен денем барлығын сезінеді: Шомылдыру, сәбиді ұстау, тыныштандыру, массаж жасау. Сәбидің иісі қандай?! Көңіл күйім де өте көтеріңкі. Айтатын әндерім де бұрынғыша. Мен ешқашан ақылсыз ана болған емеспін. Ешқашан баламен үйде отырған емеспін. Үлкенім туғанда екі айлық баламен жұмысқа бардым. Айарудың туғанына 20 күн болғанда теледидардан хабар жүргіздім. Алиса дүниеге келгенде жаңа фильм бастадым. Алма туғанда ол жобамды аяқтап, жаңасын бастап жатқан едім. Балаларым – менің өмірім. Өзімді 35 жаста қалып кеткен Баян сезінемін. Өзімнің жасымды мүлдем сезбеймін. Шаршағанымды да байқамаймын. Мүмкін аздап ақылды болған шығармын”, – дейді Баян Мақсатқызы. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.