Іс-шара өтетін орынға жеке көлікпен кіруге тыйым салынады.
Димаш Құдайбергеннің концертіне баратын көрермен үшін Астанада арнайы автобустар қатынайды
Фото: dimashnews.com
3,375
оқылды

13 және 14 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында Димаш Құдайберген өнер көрсетеді. Көрермендерге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар ұйымдастырылады, – деп хабарлады Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Көрермендердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жол кептелісін болдырмау мақсатында автобустар бірнеше орыннан аттанатын болады. Нақтырақ айтқанда:

1. Салтанат Сарайы;

2. «Әзірет Сұлтан» мешіті;

3. Бас мешіт.

Іс-шара өтетін орынға жеке көлікпен кіруге тыйым салынады. Арнайы автобустармен жол жүру концерт билетін көрсеткен кезде ғана мүмкін болады.

Автобустар сағат 17.00-ден бастап қатынайтын болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.