Кейбір бағбан шие, алма және басқа да ағаштардың гүлдегенін аңғарған.
Шығыс Қазақстан облысында күз басталғанда мамыргүл гүлдеді
YK-news.kz
356
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында қыркүйектің ортасында мамыргүл гүлдеді. Биология кафедрасының профессоры неліктен бұлай болғанын түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым оқырмандары редакцияға қыркүйектің ортасында Серебрянскіде гүлдеген сиреннің фотосуреттерін жіберген. Алғашқы фото әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін жұрт мұндай оқиғаның болуы бірінші рет емес екенін жаза бастады. Кейбір бағбан шие, алма және басқа да ағаштардың гүлдегенін аңғарған.

– Бәріне жаһандық жылыну себеп болып отыр. Биылғы күзде гүлдену ауа райының жылы және ылғалды болуымен байланысты, – дейді С. Аманжолов атындағы ШҚУ кафедрасының профессоры Константин Прокопов.

Мұндай жағдайлар шынымен де бірінші рет болып отырған жоқ. Мысалы, былтыр қараша айында Ақтауда сирень гүлдеп, қазан айында ақтөбеліктер гүлдеген бұтаны видеоға түсіріп алған.