Тиісті қаулыға Үкімет басшысы қол қойды.
ІІМ жанынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды
328
оқылды

Қазақстанда Ішкі істер министрлігі жанынан жаңа комитет құрылды. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті ҚР Ішкі істер министрлігін құратын тағы бір бөлімше болады.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылсын. Үкіметтің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін», - делінген құжатта.

Енді ІІМ құрамына мыналар енеді:

Қазақстан Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;

Әкімшілік полиция комитеті;

Көші-қон қызметі комитеті;

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті.

Қаулы қол қойылған күннен бастап, яғни 2024 жылғы 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.