Дүйсенбек Құлжанов электр энергия тапшылығы бүгінде еліміздің оңтүстік өңірлерінде айрықша сезілетінін атап өтті.
Халықтық штаб мүшелері АРЕС PetroTechnic колледжінің  еңбек ұжымымен кездесті
401
оқылды

Халықтық штаб мүшелері өңірдің ең үздік техникалық АРЕС PetroTechnic колледжінің  еңбек ұжымымен кездесуде болды. 

Жиын барысында  Саламат Идрисов штабтың жұмысы АЭС құрылысын қолдаудың қажеттілігін түсіндіруге бағытталғанын атап өтті. 

«Мемлекет тағдырына қатысты кез келген маңызды шешім халықтың қатысуымен және оның пікірін ескере отырып қабылданады. Президентіміз ұстанған саясаттың бұлжымас қағидасы – осы. Бұл – біздің қоғамда жаңа саяси мәдениет қалыптасқанының көрінісі. Біз әр қадамды нық басып, реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеміз. Түпкі мақсат – оны әр азамат, әр отбасы сезінуге тиіс», – деді ол.

Штаб мүшелері Саламат Идресов, Асылбек  Нұрмышев, Нұрлан Сүйінбаев, Дүйсенбек Құлжанов бұл бастаманың маңызын талқылап, осы ірі жобаны іске асыру арқылы жаңа мүмкіндіктердің пайда болатыны туралы айтты. 

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы  Дүйсенбек Құлжанов электр энергия тапшылығы бүгінде еліміздің оңтүстік өңірлерінде айрықша сезілетінін атап өтті. Былтырғы қорытынды бойынша дефицит 3,1 млрд кВт/сағ болды. Салыстыру үшін айта кетсек, орташа есеппен 100 мың тұрғыны бар бір қала 700 млн кВт/сағ тұтынады дейді. 

 «Өз басым мені топқа қоспаса да дауыс беремін. Міндетті түрде бару керек.  Біз үшін әр адамның ой-пікірі, олардың ортаға салатын әңгімелері өте маңызды. Себебі осындай кездесулерде пікірталас кезінде ортақ бір шешімге келіп, өзіміздің тарапымыздан қандай мәселелерге көңіл аудару керек екенін біліп отыратын мезеттеріміз бар. Осы мақсаттардың барлығы бүгін орындалды ғой деп ойлаймын»,  деді Атырау облысы бойынша Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев.

Кездесуде колледж ұжымы АЭС салу бойынша сұрақтарын қойып, штаб мүшелерінен жауап алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.