Кубалық боксшы Жәнібектің шақыруын қабыл алмайтын көрінеді.
Лараның батылы жетпейді: Жәнібек Әлімханұлы тағы да мәлімдеме жасады
Vesti.kz
854
оқылды

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) кубалық боксшыны Эрисланди Лараны (31-3-3, 19 KO) бірнеше рет жекпе-жекке шақырды, – деп жазады Aikyn.kz.

Бірақ кубалық келмеген соң, оны "қорқақ" деп айыптады.

Лара бүгін АҚШ-та Альварес – Берланга жекпе-жегінің картында жұдырықтасып, Дэни Гарсияны жеңген болатын. Оның еншісінде WBA чемпиондық белбеуі бар.

"Лара менімен ешқашан жұдырықтаспайды. Өйткені мен онымен рингте не істейтінімді жақсы біледі. Әдетте чемпиондар чемпионды жекпе-жекке шақырады. Ал  Лараның мені жекпе-жекке шақыруға батылы жетпейді", – деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, қазақ боксшысы кубалықты соңғы бірер жылдан бері жекпе-жекке шақырып келеді. Алайда  Эрисланди Лара Жәнібекке мүлдем жауап бермеген.