Жол апаты елорда аудандарының бірінде болған.
Астанада жеңіл автокөлік жол жұмысшысын қағып, мерт қылды
Видеодан алынған кадр
513
оқылды

Жеңіл автокөліктің жүргізушісі жол жұмысшысын қағып, содан кейін келе жатқан көлікпен соқтығысты, -  деп жазады Aikyn.kz.

Дерекке қарағанда, жұмысшы алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Желіде жол-көлік оқиғасы орнынан видео тарады. Полиция жұмысшыны қаққан жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. Қылмыстық іс қозғалды.

"Биыл 14 қыркүйекте сағат 13:30 шамасында Lada маркалы автокөліктің жүргізушісі өндіріс көшесімен Ақбидай көшесіне қарай жүріп, жол бөлігінде жол жұмыстарын жүргізген жұмысшыны қағып кетті. Осыдан кейін жүргізуші қарсы бағытта келе жатқан KIA Sportage маркалы автокөлікпен соқтығысуға жол берді. Апат салдарынан жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. KIA Sportage автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйлеріне жіберілді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.