Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Аса ірі мөлшерде қаржы жымқырған күдікті Түркиядан экстрадицияланды
542
оқылды

ҚР Бас прокуратурасы және ІІМ Интерпол қызметкерлерімен, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Түркия Республикасынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Күдікті 2022-2023 жылдар аралығында Алматыдағы коммерциялық ұйымның бухгалтері бола отырып, төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізу арқылы өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық қаражатты заңсыз иемденген.

– Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып жүрген. Соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

Биыл тамыз айында ол Түркия аумағында ұсталып, содан кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарына берілді, – делінген хабарламада. 

Қазір аталған адам Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.