Елімізбен қоса шетелден мыңдаған көрермен жиналған кеште жұрт назарын аударған сәт видеоға түсіп қалды.
«Әншілігі мен талантына сөз жоқ, бірақ...»: Димаштың концерттегі әрекетіне жұрт сүйсінді
Фото: видеодан кадр
29,037
оқылды

13-14 қыркүйекте "Астана Арена" стадионында әнші Димаш Құдайбергеннің концерті өтті, - деп хабарлайды  Aikyn.kz.                                                    

Елімізбен қоса шетелден мыңдаған көрермен жиналған кеште жұрт назарын аударған сәт видеоға түсіп қалды. 

Бейнежазбаны Нұрасыл Бектұрғанов есімді мобилограф Instagram-дағы парақшасында жариялады. Видеодан концертті камераға түсіріп жүрген оператордың сахна шетінде құлайын деп қалған сәтін байқауға болады. Оны сахнада тұрған  әнші байқап, ұстап қалған. 

"Оның әншілігі мен талантына сөз жоқ, бірақ оның адамгершілігі бір бөлек әлем", - деп жазды мобилограф. 

Әлеуметтік желі қолданушылары Димаштың бұл әрекетіне сүйсініп, қырағылығына таңданысын білдірді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от МОБИЛОГРАФ | ДРОН | АСТАНА (@nurasyl_bekturganov)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.