Әлеуметтік желіде 16 қыркүйекте Алматыда екі қыз терезеден құлап, көз жұмғаны жайлы ақпарат тарады. Осы жағдайға қатысты Білім басқармасы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Бүгін Алмалы ауданында екі қыздың өмірін қиған қайғылы оқиғаға байланысты Алматы қалалық Білім басқармасы істің барлық мән-жайын зерделеу үшін тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, комиссия құрылғанын хабарлайды", - делінген хабарламада.
Бұл факт бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.