Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Мәжілісте тауар биржалары жөніндегі заң жобасы қаралады
226
оқылды

Мәжілістің қарауына тауар биржалары мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістер бірінші оқылымда ен­гізілді. Тиісті заң жобасы 2023 жылғы 1 қыр­күйек­тегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жол­дауын іске асыру аясында Мәжіліс депутаттарының бас­­­­тамасымен әзірленген. Заң жобасында биржаларға қойылатын реттеушілік талаптарды қатаңдату, мемле­кеттік бақылауды күшейту, сондай-ақ отандық өн­діру­шілердің ашық сауда құралдарына қол жеткізуін қамтамасыз ету ұсынылады.

Жалпы отырыстың күн тәртібіне Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы экология және қор­шаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы енгізілді.

Бұдан басқа, депутаттар «Пошта туралы» заңға ен­гізілетін өзгерістерді жұмысқа алатын болады.

Бюро отырысында Мәжілістің VIII шақыры­лым­дағы Қоғамдық палата құрамына жаңа мүшелерді қосу мәселесі де қаралды және депутаттардың сайлау­шы­лармен кездесу үшін өңірлерге сапарға шығуы туралы ақ­парат тыңдалды.