Ауыл тұрғындары да энергияның қаншалықты қажет екенін жақсы сезінеді. Ауыл шарушылығы өндірісін дамытуда қуат көзінің маңызы зор.
АЭС: Халықтық штаб өкілдері Талсуат ауылы тұрғындарымен және зауыт жұмысшыларымен кездесті
582
оқылды

Бұған дейін, штаб мүшелері Қызылорда қаласына қарасты Белкөл, Тасбөгет кенттері мен Қарауылтөбе ауылдық округінің тұрғындарына атом энергиясының маңыздылығы жөнінде кеңінен ақпарат берген болатын. 

AMANAT партиясының бастамасымен өткен кездесу барысында жасыл энергия көзінің артықшылықтары туралы кеңінен жеткізіп, ауыл тұғындарын мазалаған сауалдарына нақты жауап берді.

 «Жалпы бу-газ электрстанциялары электр энергиясын өндіру үшін табиғи газды пайдаланады. Қазақстанда табиғи газ негізінен ілеспе мұнай болып саналады, яғни мұнаймен бірге өндіріледі. Сондықтан газ өндіру көлемі мұнай өндіру көлеміне тікелей байланысты. Табиғи газ тасымалы Қазақстан энергетикасы үшін тұрақсыз сипатқа ие және елімізде табиғи газ өндіру көлемі жыл сайын 3%-ға қысқаруы байқалып отыр дейді сала мамандары. Бір жағынан газ биржалық тауар болғандықтан оның бағасы үнемі өзгеріп отырады, бұл тарифтерге қатысты қиындықтар туғызады. Ал электр энергетикасына ұзақмерзімді және тұрақты отын көлемі мен бағаның тұрақтылығы қажет. Оның үстіне еліміз уран өндіруден және оның қоры жағынан алдыңғы қатарға жайғасқан. Сәйкесінше, атом энергиясын өндіруге ешқандай кедергі болмайды», - деді табиғи газдан энергия өндіруге мәселесені қатысты тұрғындар сауалдарына жауап берген штаб мүшесі Ержан Искендер. 

Ауыл тұрғындары да энергияның қаншалықты қажет екенін жақсы сезінеді. Ауыл шарушылығы өндірісін дамытуда қуат көзінің маңызы зор. Яғни  сенімді электр энергия болмаса, өндірсті жүйелі жүзеге асыруда екіталай. 

Штаб мүшесі Мейрамбек Есжанов атом энергетикасы ауыл шаруашылығы саласына да зор септігін тигізетінін тілге тиек етіп, барлық салада дамудың жаңа мүмкіндігі екенін жеткізді.

Сонымен қатар Қызылордада  аудандық Халықтық штабының төрағасы Ғазиз Әліш және штаб мүшелері Арғын Орымбаев, Нұрлан Алмағамбетов пен Нұркен Ботабаев Қазалы локомотив жөндеу зауытының жұмысшыларымен кездесті. Аудандағы ірі өндіріс орны саналатын зауыт жұмысшыларымен АЭС-тің болашағы мен оның тиімділігі талқыланды.

«Элeктр энeргeтикaсы eл экономикасының тұрaқты дaмуынa нeгіз бoлaтын бірeгeй сaлa. Қaзіpдің өзіндe біздің eліміздe элeктp энeргиясының тaпшылығы бaйқaлaды. Энeргия көздeрінің жeтіспeуі aлдaғы уaқыттa ірі өндірістік oрындap үшін дe үлкeн мәсeлeге aйнaлуы мүмкін. Өйткeні бoлжам бойынша елімізде энергия тұтыну көлемі тұрақты өсіп келеді. Осы тұста елімізде атом электр станциясының салынуы электр қуатының тапшылығы мәселесінің бірден-бір шешімі болары сөзсіз», - деді штаб төрағасы Ғазиз Әліш.

Ал штаб мүшесі Арғын Орымбаевтың айтуынша, елімізде атом электр станциясын салу үшін барлық объективті алғышарт орын алған. Атап, айтқанда уранның бай қоры, оны өңдеу мен өдіру үшін дамыған инфрақұрылым, сондай-ақ қуатты ғылыми база бар.

Жиын соңында штаб мүшесі, Қазалы локомотив жөндеу зауытының директоры Нұрлан Алмағамбетов еліміздегі АЭС қажеттілігі бойынша маңызды ақпарт алғанын айтып, ұжым болып қолдайтынын білдірді.

Айта кетейік, Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың алғашқы  отырысын өткізді. Оның құрамына 6 саяси партияның, сондай-ақ шамамен 20 республикалық қоғамдық бірлестіктің 250-ге жуық өкілі кірді.

6 қазанда өтетін АЭС салу жөніндегі референдумның Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы зор. Сондықтан еліміздегі беделді саяси және қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті. Бұл туралы Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов штабтың алғашқы отырысында мәлімдеді. Штабтың мақсаты – халықты атом электр стансасын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.