ТЖМ құтқарушылары Риддер қаласында сәбиді құтқаруға келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Риддер қаласында бес айлық нәрестенің саусағы балалар ойыншығына қыстырылып қалды. Ата-анасы баланың саусағын өз бетінше босата алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
Оқиға орнына келген құтқарушылар авариялық-құтқару құралының көмегімен ойыншықты шешіп, баланың саусағын босатты.
Кішкентай бала медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.