Тележүргізуші эко-орталықта қажетті биоматериалдардың бар екенін айтады.
«Жүрегімде қорқыныш бар»: Ләйлә Сұлтанқызы балалы болуға қатысты ойын айтты
Фото: instagram.com/sultankyzy
4,004
оқылды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Zamandas  подкастында балалы болуға қатысты пікірін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Тележүргізуші эко-орталықта қажетті биоматериалдардың бар екенін айтады. Бірақ ұлдары бұған дайын емес екенін қалжыңмен білдірген. Дегенмен олар анасының қыз асырап алуына қарсы емес екен. 2 жылдан соң екінші ұлы шетелге оқуға кететінін айтқан тележүргізуші қыз асырап алуға қатысты ойланып жүргенін жасырмады.

"Үлкен ұлым "бір қарындас асырап алайықшы, соның жолын біліңіз" дейді. «Кейде бір қыз асырап алу туралы ойланамын, бірақ қорқамын. Содан Нұрлан имамға хабарластым. Ол кісі "асырап алсаң, бірнеше есе сауап жазылады" деді. Мені қолдады. ...Бірақ мен қаншалықты ана болуға дайынмын? Кіші балам 15-те. Екіншіден, ол баланы өсіруге шамам жете ме? Қазір 47-де болсам, 60 жасымда баламның жасы 10-нан асып тұрады. Алла жеткізеді дейді ғой, бірақ жүрегімде қорқыныш бар", - дейді тележүргізуші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.