Ауылшаруашылық жәрмеңкесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Астанада осы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталады
Фото: gov.kz
660
оқылды

Астанада еліміздің өңірлерінен тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталады. Олар әр сенбі мен жексенбіде 27 қазанға дейін өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

21 қыркүйекте басталатын жәрмеңкеде елордада өз өнімдерін бірінші болып Ақтөбе, Атырау және Жамбыл облыстарының аграршылары ұсынады. Олар ет, балық, сүт, азық-түлік өнімдерін, сондай-ақ көкөністер мен жемістерді тікелей фермерлерден ұсынады. Бұл азық-түліктің қолжетімділігін арттыруға да, отандық өндірушіні қолдауға да ықпал етеді.

Үш облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Астанаға 125 тонна ет және ет өнімдерін, 250 тонна көкөністер мен жемістерді, 26 тонна сүт өнімдерін, 22 тонна балық, 26 мың жұмыртқа, 2 тонна нан-тоқаш өнімдерін және 60 тонна өзге де азық-түлік өнімдерін әкеледі.

Жәрмеңке барысында концерттік бағдарлама да ұйымдастырылады.

Айта кетейік, биыл жәрмеңке «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тасжолында өтеді. Сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болуы үшін жәрмеңкелерді өткізу кезеңінде № 18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары қамтамасыз етіледі.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.