Әскери бөлім бастығының айтуынша, сарбаздың ауыр халіне инфекция себеп болған. Емдеу кезінде сарбаз пневмония мен гайморитке шалдыққан.
«Ойдан шығарып, қалаған диагнозын қойып жатыр»: ауыр халде жатқан Ербаян Мұхтардың анасы ренішін білдірді
Фото: видеодан кадр
809
оқылды

13 қыркүйекте Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Қайрат Үмбетов Ербаян Мұхтардың жарақаты соққыдан емес, құлау салдарынан болғанын айтты. Cарбаздың анасы Гүлсім Қамиева дәрігерлердің ұлына қойған диагнозымен де келіспейтінін жеткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Әскери бөлім бастығының айтуынша, сарбаздың ауыр халіне инфекция себеп болған. Емдеу кезінде сарбаз пневмония мен гайморитке шалдыққан.

Алайда Қамиева ұлының иммунитеті күшті екенін айтты. Сондай-ақ емделу кезінде оның жағдайы нашарлағанына сенбейтінін жеткізді. 

"Қайрат Үмбетов өз диагнозын қойды, алайда біз онымен келіспейміз. Әркімнің диагноз қоюын дұрыс деп санамаймын. Үмбетов гайморит, пневмония, өкпеде ірің болды дейді... Бірақ онымен келіспеймін. Балам әскерге дейін ауырмаған, тек аллергия болған. Қазір барлығы қалаған диагнозын қойып, ойдан шығарып жатыр", – деді сарбаздың анасы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.