Бүгін ауа райы қандай болады?
Бірнеше облыста күн суытады: 18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
3,178
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Антициклон әсерінен бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Республиканың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальды бөлімдердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ел аумағы бойынша жел екпіні күшейеді. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, шығысында, орталығында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында 1-6 градус дейін суық күтіледі.

Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.