Әскери іс-шара Алматы облысының "Жағалау" оқу полигоны базасында өтеді деп жоспарланған.
Қорғаныс министрлігі: Екі облыста әскери жаттығу өтеді
2,816
оқылды

2024 жылғы 26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024"  командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz. 

Әскери іс-шара Алматы облысының "Жағалау" оқу полигоны базасында өтеді деп жоспарланған.

"Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өтетін жерге 18 қыркүйектен бастап Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері аралас тәсілмен келе бастайды. Алматы және Жетісу облыстарының аумағы арқылы әскери қызметшілердің қозғалысы теміржол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылатын болады. Осыған байланысты азаматтар мен БАҚ өкілдерінен әлеуметтік желілерде таратылатын қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз", – делінген Қорғаныс министрлігі таратқан ақпараттық хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.