Қазақстандық эколог Евгений Мұхамеджанов қайтыс болған жасөспірім қызы туралы жазба жариялады.
"Жүрегімнің бір бөлігін жұлып кетті": Алматыда шатырдан құлап, қайтыс болған оқушы қыздың әкесі жазба жариялады
Коллаж: Ulysmedia
2,565
оқылды

Қазақстандық эколог Евгений Мұхамеджанов қайтыс болған жасөспірім қызы туралы жазба жариялады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.    

"Сұрақ тым көп, ауыр қайғы. Жүрегімнің бір бөлігін жұлып кетті. Болған оқиғаның егжей-тегжейі туралы, одан қалды сұхбат беру туралы менен сұрамаңыздар. Балам қайтыс болды, болған жағдайды өзгерте алмаймыз. Қолдау білдіріп жатқандарыңызға рақмет", - деп жазды экосарапшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда биік үйден құлап, көз жұмған екі оқушы қыздың бірі эколог Евгений Мұхамеджанов пен суретші Балқия Мұхамеджанованың қызы екені белгілі болды

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.