Майдан Әбдіғалиұлы банк ісі бойынша оқулықтың және Қазақстан қаржысына арналған бірқатар мақалалардың авторы.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің әкесі өмірден өтті
Фото: Энергетика министрлігі
605
оқылды

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің әкесі өмірден өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен мәлім етті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Майдан Әбдіғалиұлы Сәтқалиев 1943 жылы Алматы облысы Қоғалы ауылында дүниеге келген. Мектепті күміс медальмен бітірді.

1962 жылы Киев халық шаруашылығы институтына оқуға түсті, бірақ екінші курстан бастап әскерге шақырылды. Қызметтен кейін оқуын жалғастырып, 1969 жылы қаржыгер дипломын алды.

Еңбек жолын Алматы облысының салық инспекциясында салық инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары мемлекеттік статистика органдарында, аға оқытушы, деканның орынбасары, партия ұйымының хатшысы, Алматы халық шаруашылығы институтының Қаржы кафедрасының доценті қызметтерін атқарды.

1997 жылы Астанаға көшкеннен кейін Қазақ аграрлық университетінің Қаржы кафедрасының доценті қызметін жалғастырды.

Банк ісі бойынша оқулықтың және Қазақстан қаржысына арналған бірқатар мақалалардың авторы.

Ол Ресей жаратылыстану ғылымдары Академиясының «Алтын Бүркіт» орденімен марапатталды, сонымен қатар басқа да марапаттарға ие болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.