Айыпталушының үйінен 7 498 дана вейп табылды.
Қостанай тұрғыны Ресейден вейпті заңсыз әкеліп, әлеуметтік желі арқылы сатқан
756
оқылды

17 қыркүйекте Қостанай облысының прокуратурасы электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) заңсыз әкелу, сату және тарату туралы қылмыстық істі сотқа жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласының тұрғыны Ресей Федерациясының аумағында вейп сатып алатынын, оны ел аумағына заңсыз әкеліп, өзі құрған «Telegram» арнасы арқылы іске асыратынын анықтады.   

– Айыпталушының тұрғылықты жерін тінту кезінде 7 498 дана көлеміндегі вейп өнімдері табылып, тәркіленді.

Оның әрекеттері Қылмыстық кодекстің 301-бабы-1-бөлігі,1, 2-бөлігі (электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) әкелу, сату және тарату) бойынша сараланған.

Баптардың санкциясы мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады, – делінген хабарламада. 

Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды.