Екі жігіттің мәйіті 17 қыркүйек күні таңертең табылған.
Шымкентте жалдамалы пәтерден екі үндістандық студенттің мәйіті табылды
660
оқылды

Шымкент қаласындағы пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Halyq Uni порталына сілтеме жасап.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты растады. Екі жігіттің мәйіті 17 қыркүйек күні таңертең табылған. Өлімнің себебі әзірге белгісіз.

Әлеуметтік желідегі деректерге сүйенсек, Үндістаннан келген 21 және 22 жастағы екі жігіт Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2-курс студенттері болған. Олардың мәйіті аталмыш университеттің басқа да студенттері тұратын пәтерден табылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шетелдіктердің өлімінің себебі әлі белгісіз, нақты ақпарат тек сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін жарияланады.

Газ қызметкерлерінің айтуынша, пәтерден газ иісі анықталмаған. Ал студенттердің мәйіті пәтердің жатын бөлмесі мен дәлізінен табылды.