Оның қатерлі ісікке шалдыққанын әріптесі Саят Исембаев хабарлады.
“Рэкетир” фильміндегі белгілі актер қатерлі ісікке шалдықты
Фото: instagram.com/murat_bissenbin
594
оқылды

Белгілі актер Мұрат Бисембин қатерлі дертке шалдықты, - деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Оның қатерлі ісікке шалдыққанын әріптесі Саят Исембаев хабарлады. Саяттың өзі сол фильмде Саянның рөлін сомдаған.

"Сіздерден көмек керек. Әріптесіміз ауыр дертке шалдықты. Онкология. Қазір емделіп жатыр. Рухы жанышталған жоқ", – дейді Саят Исембаев.

Рэкетир фильмі екі мыңыншы жылдардың басында көп қаралған фильм. Туынды тоқсаныншы жылдары криминалдық топтарда болған жігіттердің өмірін баяндайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.