Айтуларынша, аудандық және апелляциялық алқа жаза тағайындарда сотталушының жүкті екенін ескермеген.
"Артында үш баласы қалды": Алаяқтық үшін сотталған жүкті әйелдің жақындары Жоғарғы соттан көмек сұрайды
Фото: istockphoto.com
747
оқылды

Қызылордада алаяқтық жасап, бес жарым жылға сотталған 38 жастағы әйелдің туыстары Жоғарғы соттан көмек сұрайды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап 

Айтуларынша, аудандық және апелляциялық алқа жаза тағайындарда сотталушының жүкті екенін ескермеген. Одан бөлек келіншектің әлі кәмелетке толмаған үш баласы бар екен. Сондықтан жақындары сотталушының жаза өтеу мерзімін кейінге шегеруді сұрайды.

Ұлданай Байқонысова сотталып кеткен соң, 4 жасар Хадиша мен 6 жасар Димаш анасынан ажырап қалды. Сотталушының әпкесі балалар қиналып қалғанын айтады. Олар бүлдіршіндерге анасының абақтыға отырғанын айта алмапты. 

“Неше айдан бері сағынып жылайды. Қазір сұрап қояды. Ауруханада жатыр дейміз. “Мамаларың бұйырса келеді” деп алдап отырмыз. Ақ-қарасын айырып, бауырымды шығарып берулеріңізді сұраймын. Ішінде 7 айлық баласы бар. Сол жерде жүріп, қан қысымы көтерілді”, – деді сотталушының әпкесі Бақытгүл Байқонысова.

Қазір үш бала жұмыссыз нағашы әпкелерінің қолында тұрып жатыр. Кейде ұл-қыздарды әкелері үйіне алып кетеді екен. Сондай-ақ түрмеде отырған Ұлданай Байқонысова жүктіліктің 7-айлығында.

Аудандық сот өкілдері сотталушының бірнеше саудагерді аса ірі көлемде шығынға батырып, алаяқтық жасағаны дәлелденді деп отыр.

“Бұл жерде екі адам сотталды. Сыбайласқан қылмыс екен. Жалпы сотталушылардың келтірген шығыны 70 миллионнан асады. Бүгінде сотталушының адвокаты жазаны өтеуді кейінге қалдыруды талап етті. Алдағы уақытта белгілі болады. Сот түпкілікті шешімді қабылдайды”, – деді Шиелі аудандық соты әкімшілігінің басшысы Санат Сержанов.

Ұлданай Байқонысованың қорғаушысы берген өтініш әлі қаралып жатыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.