Жедел жәрдем қызметкерлері балаға 30 минут бойы алғашқы көмек көрсеткенімен нәтиже болмады.
Ақтөбеде 9 жастағы бала әткеншектен құлап,  қайтыс болды
Фото: istockphoto.com
529
оқылды

Қайғылы оқиға кеше түнде «Нұр-Ақтөбе» көпқабатты үйінің ауласында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Куәгерлердің айтуынша, 9 жастағы бала әткеншекте ойнап жатып, құлап кеткен. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды.

Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлердің оқиға орнына шақырудан 7 минут өткен соң жеткенін хабарлады. Бала ес-түссіз жатқан, куәгерлер оның кеудесіне компресс жасаған. Жедел жәрдем қызметкерлері балаға 30 минут бойы алғашқы көмек көрсеткенімен нәтиже болмады.

«Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабының 3-бөлігі «Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Ақтөбе облысының Полиция департаменті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.