Кінәлі тұлға қылмыстық әрекетке екі сыбайласын тартқан.
Астанада ірі есірткі зертханасы жойылды
620
оқылды

Елорда прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті орган есірткі зертханасын анықтады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша үш адам сотқа берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сот тергеуі барысында сотталушының темір контейнерді жалға алғаны анықталды. 

– Осыдан кейін ол қала сыртында 2 млн теңгеге жер телімін сатып алып, аталған контейнерді психотроптық заттарды шығаратын зертхана ретінде жабдықтап, орналастырған.

Кінәлі тұлға қылмыстық әрекетке екі сыбайласын тартқан.

Тергеу барысында астыртын зертханадан алынған 24 кг астам психотроптық заттар жойылды, – делінген хабарламада. 

Нәтижесінде сот елорданың үш тұрғынын аса ірі көлемде психотроптық заттардың аналогын сату мақсатында заңсыз дайындағаны және сақтағаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылдан 11 жыл 3 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. 

Үкім заңды күшіне енді.