Жасанды интеллект жүйесі Apple-дің барлық өнімдеріне енгізіледі деген хабарламаға қарамастан, әзірше, жаңа iPhone 16-ның сатылымы төмендеу болып тұр. Ал Apple Intelligence iPhone 15 Pro-дан жоғары смартфондарға енгізіледі.
iPhone 15 Pro және одан жоғары үлгілерде Apple Intelligence іске қосылады
Негізгі сатылым нүктесі – Apple Intelligence – жаңа iPhone 16 моделінде қазанда қолжетімді болады. Фото You Tube-тегі Apple UK каналынан алынды
1,414
оқылды

Quartz сайтының хабарлауынша, Apple Intelligence адамдарды iPhone 16 сатып алуға қызықтырмаған сияқты. Aikyn.kz оның себебін осы мақалаға сүйеніп талдайды.

Өткен аптаның демалыс күндері Apple шамамен 37 миллион iPhone 16 смартфон сатқан. iPhone 16 сатып алуға асыққан адамдар кезегі. Фото livemint.com сайтынан алынды

Apple Intelligence адамдарды iPhone 16 сатып алуға шабыттандырмағанға ұқсайды. Алғаш сатылымға шығарылған аптаның демалыс күндері Apple шамамен 37 миллион iPhone 16 смартфон сатқан. Бұл бір жыл бұрынғы iPhone 15-тің алғашқы демалыс күндері сатылымынан шамамен 13% төмен.

«Apple қызметкерлері iPhone 16-ны қызметкерлерге берілетін жеңілдікпен сатып ала алады. Әдетте қызметкерлер жаңа iPhone үлгілері шыққаннан кейін оларды сатып алу үшін бірнеше апта күтетін. Бұл iPhone 16-ға сұраныс болжамнан төмен екендігінің тағы бір белгісі болуы мүмкін», – деп жазды TF Securities сарапшысы Минг-Чи Куо сәрсенбі күнгі (18 қыркүйек) X-тегі хабарламасында.

Демалыс күндердегі сатылымдардың баяулауы негізінен Apple Intelligence-тің кеш шығарылуымен байланысты болуы мүмкін.

Бұл пікірді Минг-Чи Куо да қолдайды: «iPhone 16 Pro сериясына сұраныстың күтілгеннен төмен болуының негізгі факторларының бірі – негізгі сатылым нүктесі – Apple Intelligence – жаңа iPhone 16 моделінде бірден қолжетімді болмайды».

Алдын ала тапсырыс бергендер үшін iPhone 16 Pro-ны жеткізу 2-3 аптаға созылады. Фото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images / Justin Sullivan 

Алдын ала талдаулар көсеткендей, АҚШ-та жаңа iPhone желісіне сұраныс біртіндеп арта бастаған. АҚШ-тың жеті ірі қаласында алдын ала тапсырыс бергендер үшін iPhone 16 Pro-ны жеткізу 2-3 аптаға созылады. Бұл да өткен жылғы көрсеткіштерден төмен.

Жаңа Apple Intelligence (ЖИ) мүмкіндіктері Safari, Notes, Calculator және ең бастысы iOS 18, iPadOS 18 және macOS Sequoia үшін Siri-ге біріктірілген. Бірақ өткен аптадағы жыл сайынғы іс-шарасында Apple тек iPhone 15 Pro және одан жоғары үлгілерде қолжетімді болатын Apple Intelligence ерте құралдары қазан айында бета нұсқасында бағдарламалық құралды жаңартумен бірге іске қосылатынын жариялады. Одан кейінгі  айларда көбірек функциялар қосылады.

Apple мен сарапшылар бұл жаңа, көптен күткен Apple Intelligence (ЖИ) мүмкіндіктері жаңартулардың «суперцикліне» әкеледі және технологиялық алпауыт үшін өсудің жаңа дәуірін бастайды деп бәс тігуде. Бірақ жақында жүргізілген зерттеу тұтынушылардың тек 18% жаңа iPhone телефонын жаңа мүмкіндіктерге байланысты сатып алатынын көрсеткен. Тұтынушылардың көпшілігі смартфондарын ескірген, ұрланған немесе зақымдалған кезде ғана жаңартуды ойлап отыр.

Сатылымның төмендеудің басым бөлігі Қытайға келеді екен. Онда Apple Huawei және басқа қытайлық смартфон өндірушілер тарапынан туындаған қатал бәсекелестік жағдайына тап болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.