Қазіргі уақытта аталған тұлға тергеу изоляторына қамалды.
Ақмола облысында тұрғындардан 90 миллион теңге жинаған алаяқ ұсталды
Фото: istockphoto.com
624
оқылды

Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Целиноград ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтықтың 47 эпизодын жасап, іздеуде жүрген азаматты ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"2024 жылдың қаңтар айынан бастап күдікті Астана қаласы мен Ақмол ауылы тұрғындарын алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен олардың 90 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген", – делінген прокуратура таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған тұлға тергеу изоляторына қамалды.

Күдікті мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.