Талап қоюшы сотқа 8 жауапкер-баласынан алимент өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінген.
92 жастағы көпбалалы ана балаларын сотқа берді
Фото: Midjourney
7,676
оқылды

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы ананың 9 баласынан өзінің асырауына алимент өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Талап қоюшы сотқа 8 жауапкер-баласынан алимент өндіріп алу туралы талап арызбен жүгініп, арызын негіздей, ол батыр ана және 92 жаста екенін айтып, жасына байланысты көптеген созылмалы аурулардан зардап шегетінін мәлімдеді.

Істің мән-жайларынан талап қоюшы Д. жауапкерлердің және үшінші тұлға З-нің туған анасы екенін көрсетті.
Талап қоюшы өзінің талап арызында кіші қызы З.-мен қазіргі уақытта бірге тұратынын және материалдық жағынан көмектесетінін түсіндіріп, осыған байланысты соттан тек 8 баласынан алимент өндіріп алуды сұрады.
​​Істі қарау барысында жауапкерлер сотқа аналарына тең дәреже көмек беретіндері туралы шынайы және жеткілікті дәлелдемелр ұсынылмады.

​​Өз кезегінде З. үшінші тұлға ретінде, анасына қамқор көрсетіп жүргендігі туралы фактіні дәлелдеп, бұл дәлелдемелер азаматтық іс материалдарына бейнежазбасы бар қоса берілген дискімен расталды.
​​Істі қарау барысында талап қоюшы балалары оған келмейтіндігін, сондай-ақ оларды 5-6 жыл көрмегенін көрсетіп, бұл да талап арыздың дұрыстығын растайды.

​​Жауапкерлердің, талап қоюшының кіші қызы З. оларды анасымен кездесу үшін үйге кіргізбейді дегенін сот ескермеді, себебі өз дәлелін тапқан жоқ. Сонымен бірге, сот мұны міндеттерінен жалтарудың бір әдісі ретінде қарастырды.

​​Сот талап қоюшының балаларынан алимент алуға құқығы бар екенін анықтап, алайда олардың төртеуі зейнеткерлік жасқа толуларына байланысты алимент өндіруге жатпайтынын ескерді.

​​Кодекстің 145-бабы 3 және 4-тармақтарын ескере отырып, талап қоюшының асырауына, істі қарау кезінде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткішке сай, алиментті 4 жауапкерден 7 еселенген мөлшерде өндірді. Сот жауапкерлердің асырауындағы мүгедек балалары мен кәмелетке толмаған балаларының болуын да назарға алды.

​​Сот шешімімен талап-арыз ішінара қанағаттандырылып, 4 жауапкерден анасының пайдасына оны асырауға әрқайсысынан 7 АЕК-тен алимент өндірді.

​​Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.