Астанада «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КеАҚ-ның баспасөз-кездесуі өтті.
«Жасыл технология» экологиялық жағдайды жақсартады
313
оқылды

Іс-шараға Эколо­гиялық реттеу комитеті мем­лекеттік метрологиялық-талдамалық ба­­қылау бас­қармасының бас сарапшысы Дана Жәнібекқызы, тех­­­ни­­ка ғылымдарының кандидаты Қайрат Масенов, ұлттық GCІP бағ­дарламасының техникалық кеңесшісі Камила Әміржан және жо­баларды басқару департаментінің директоры Сансызбай Оқашев қа­тысты. Олар қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа келетін залалдың ал­дын алу шаралар туралы баяндама оқыды.

Экологиялық реттеу комитеті Мемле­­кеттік метрологиялық-тал­дамалық бақы­лау басқармасының бас сарапшысы Дана Ағы­баева экологиялық жағдайды жақсарту үшін озық технологиялар мен эмис­сиялар мони­­торингінің авто­маттандырылған жүйесін енгізу мә­селесіне тоқталды. Ол елі­міз­дегі өнер­кәсіп салаларының ең үз­дік қолжетімді технология­лары­на көшіру арқылы қоршаған ор­таға теріс антро­­по­гендік әсердің алдын алу­ға болатынын тілге тиек етті.

Техника ғылымдарының кан­дидаты, профес­­сор Қайрат Ма­се­нов Қазақстанның ЕҚТ-ға көшу прин­циптерінің қысқаша тари­­хы­на шолу жасап, қоршаған ортаны қор­­­ғаудың жоғары деңгейіне қол жет­кізуге мүм­­­кіндік беретін ең тиімді техноло­­­гия­ларды атап өтті. 

«Ең үздік қолжетімді техника (ЕҚТ) – Ба­тыстан келген термин. Бұл – табиғатты қор­ғау­­­дағы тех­но­логиялардың жиынтығы. Қа­­зіргі ғасырда эмиссиялар бір тех­но­ло­гиямен 50 пайыз қысқартатын болса, ЕҚТ-мен 10-15 пайызға қысқарады. Қол­жетімді деп отыр­ға­нымыз, кез келген өн­ді­­­­ріс орын­­­­­­­да­­рында қол­­жетімді, эконо­ми­калық, тех­ноло­гиялық жа­ғы­нан тиімді, шығындар мен пай­даны ескере отырып, пай­да­ланушы үшін жеткілікті түрде жаса­латын техни­калар. 2023 жылы Еуропа Ода­­ғында 35 ЕҚТ бойынша анықта­ма­лық әзірленді. Осы­лардың не­гізінде интегра­цияланған тәжі­рибе бойынша тек біздің елде емес, басқа да елдерде экология­лық заң­­­­­на­­­ма­лар жасал­ды. Осы­лай­ша, 2007 жыл­­дан бастап Қа­зақ­­станда эконо­микалық заң­­­­­­­на­­­­­­маны ре­фор­малау жүйесі басталды. Оның басты қа­­ғи­­­­даттары – жасыл экономикалық дамуға көшу және  экономикалық құралдардың тиімді жүйесін құру. 2009-2014 жылдары Еуропа Одағы анықтамалық кітап бекіт­кеннен кейін қоршаған ортаға түсетін кү­кірт дио­­ксидін 94 пайызға, азотты 69 пайызға және қатты бөл­шек­терді, (шаң-тозаң) 94 па­йызға төмен­­де­­ген. Бұл – жақсы көр­­­сет­кіш. Отандық са­рап­­шылардың пайым­­дауы бо­йынша, 2035 жылы еліміз қоршаған ортаның осындай көрсет­­­кішіне жетеді деген болжам айтады. 

Қ.Масеновтің айтуынша, қазір «жасыл көпір» серіктестік бағдар­ламасы Рио+20 саммитінің қоры­тынды құжатына енгізіл­ген. Сон­дай-ақ аталған көпір БҰҰ-ның даму бағ­дар­­ламасы мен Германия, Корея, Бра­зилия үкіметтерінің қолдауын жүзеге асы­рып отыр. 

Ал ұлттық GCІP бағдарламасы­ның тех­ни­­калық кеңесшісі Ка­ми­ла Әміржан Жасыл климат қоры туралы сөз қозғап, декар­бони­за­ция жобаларын қаржылан­дыру тетіктері мен құралдарын атап өтті.

«Ең алдымен, қорда аккредит­теуден өтуге қойылатын талап­тар­ды атап өтейін. Өтініш беруші ұйым заңды тұлға болуы керек және климаттың өзгеруінің салда­рын жеңілдету бойынша жоба­ларды жүзе­ге асыруда кемінде 3 жыл тәжірибесі бо­луы керек. Қа­зақ­стан Рес­­­публикасының Жасыл климат қорының 2024-2027 жыл­дарға ар­налған бағдарламасы 60 компа­­­­нияның пікірін ескере оты­рып жасалғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар кемінде 5 ба­сым жобаны қаржыландыру мін­де­тін алға қоя­ды, – деді ол. 

С. БЕГІМБАЙ