Бүлдіршін балалар үйіне орналастырылды.
Атырауда 40 жастағы әйел ішімдікке салынып, сәбиін қараусыз қалдырған
Видеодан алынған кадр
1,070
оқылды

Атыраулық әйел ішімдікке салынып, сәбиін қараусыз қалдырған. Баланың тоқтамай шырқырап жылаған дауысын естіп, көшеде кетіп бара жатқан тұрғындар полицейге хабар берген, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Астана арнасының жазуынша, ішімдікке сылқия тойған анасының 3 жасар бөбегіне қарауға шамасы келмеген. Полицейлер 40 жастағы жалғызбасты әйелдің бұған дейін де ерсі әрекетін байқаған. Сондықтан дереу бүлдіршінді балалар үйіне орналастырып, анасын айықтырғышқа салды. 

«Жүйелі түрде алкогольдік ішімдік ішкен күйінде бала тәрбиесімен айналыспаған ата-аналарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 127-бабында әкімшілік жауапкершілік көзделген. Жыл басынан 10 шақты ата-анаға қатысты әкімшілік жазалар қолданылған болатын», – деді облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Айнұр Махметова.