Бұған дейін Абай облысында шахтадағы төтенше жағдайдан кенші қаза тапқан.
Ақтөбе облысындағы шахтада кен опырылып, жұмысшы қайтыс болды
316
оқылды

Енді Ақтөбе облысында шахтада жұмысшы опырылған кеннің астында қалып, қаза тапты, – деп жазады Aikyn.kz.

КТК телеарнасы мәлімдегендей, 32 жастағы марқұмның денесін кеніштен әріптестері шығарып алған. Қазір оқиға орнында еңбек инспекторлары тергеу жүргізуде.

Қайғылы оқиға Хромтау ауданында орналасқан "Ақтөбе мыс" компаниясының кен орнында болған. Үгіту аппаратын басқаратын жұмысшы түнгі ауысымға шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшы кеннің жоғарыдан опырылып түскенін аңғарып үлгермеген деген болжам бар. Жұмысшы оқиға орнында қаза тапты. 

Жұмыс беруші марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетілетінін атап өтті.

“Шахтада кен опырылған. Жазатайым оқиға деп айтуға болады. Тергеп-тексеру 20 қазанда аяқталады”, – деді Ақтөбе облысы Еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторы Асхат Жұмалы.