Екінші жасөспірім бейнежазбаны түсіріп тұрған.
Алматы облысында жасөспірімдер қатарластарын аяусыз соққыға жыққан
Фото: istockphoto.com
880
оқылды

Алматы облысы Талғар ауданында жасөспірімдер өз қатарласының қолынан таяқпен ұрып, сосын жұдырығымен бетіне соққы жасап, жерге құлатқан. Аталған оқиғаның жазбасы әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Видеоның сипаттамасында оқиғаның Алматы облысы Талғар ауданында болғаны айтылған. Полиция жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады.

"Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар жүргізілуде", – делінген Алматы облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.