Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді.
170 миллион теңге: Қырғызстаннан Қазақстанға 3,3 келі  алтын өткізбек болғандар ұсталды
Іnstagram.com/gknb.official
1,153
оқылды

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы "Кен-булун" бақылау-өткізу бекетінде Қазақстанға көлік ішінде 3,3 келі алтын құймаларын алып өтпек болғандар ұсталды,   деп хабарлайды Aikyn.kz.

Комитет мәліметінше, 17 қыркүйек күні "Кен-булун" бақылау бекетінде Қазақстанға бет алған Lexus 470 маркілі көлігі тоқтатылып, көлікті тексеру барысында арнайы орнатылған жасырын орын анықталған. Ол жерден салмағы 3,3 келі болатын Қырғызстаннан шығаруға рұқсат құжаттары жоқ алтын құймалары табылды.

"Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары аясында республикалық бюджетке келтірілген шығын көлемін есептеу, сондай-ақ құрамында алтыны бар металдарды заңсыз алып өтуге қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау жұмыстары ұйымдастырылуда", – делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері алтын құймаларының жалпы бағасын шамамен 30 миллион сомға бағалап отыр. Бұл шамамен 170 млн теңгені құрайды.