Исбулаев жекпе-жекті екінші раундта техникалық нокаутпен аяқтады.
Қазақстандық файтер ресейлік спортшы Нурмагомедовті нокаутқа түсірді
Видеодан алынған кадр
1,770
оқылды

Қазақстандық жекпе-жек шебері Саламат Исбулаев Alash Pride FC турнирінде жеңіл салмақта уақытша чемпиондық титулды иеленді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол жекпе-жекте бұрын жеңілмеген ресейлік Муслим Нурмагомедовты нокаутқа жіберді. Исбулаев жекпе-жекті екінші раундта техникалық нокаутпен аяқтады.

Бұл жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын, алайда 27 жастағы Саламат кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап, өзінің ММА мансабындағы алтыншы жеңісіне жетті.

Исбулаев барлық жеңістерін мерзімінен бұрын аяқтаған: үш рет нокаутпен және үш рет қарсыластарын берілуге мәжбүрлеген.