Алматы облысының өрт сөндірушілері демалыс аймағындағы өртті сөндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Талғар ауданы Рысқұлов ауылындағы демалыс аймағы аумағында монша жанды.
"120 шаршы метр алаңдағы жалын толығымен ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ", – деп қосты ведомство.
Мамандар «төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар» деп ескертті.