Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.
Астанада қоғамдық орында дәрет сындырған адам видеоға түсіп қалды
Фото: istockphoto.com
547
оқылды

Астанада қоғамдық орында дәрет сындырған адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) Б.-ға қатысты істі қарады. Істің мән-жайы бойынша, Б. қоғамдық орында бола тұра, үлкен дәрет сындырып, қоғамға құрметсіздік танытқан.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.

«Болған құқық бұзушылық іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, іске қатысушылардың түсініктемелерімен, оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен расталады», – деді Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан.

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді.

ӘҚБтК-нің 55-бабының 3-бөлігіне сәйкес сот әкімшілік жаза қолдану кезінде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, оның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқын ескереді.

Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.