Тұрғындар Сабатаев көшесінде жасалған жөндеуден соңғы жұмыстың «нәтижесін» көрсетті.
«Үйімізге кіре алмай қалдық»: Көкшетауда жолы «жөнделген» тұрғындар шу көтерді
Фото: Тұрғындардан
849
оқылды

Көкшетауда Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов атындағы көшеде жолға асфальт жол төселді. Алайда, тұрғындар қуанудың орнына наразылық білдіріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Бейнетүсірілім жасап жіберген тұрғындардың айтуынша, жолды «жөндегеннен» кейін қалған қиыршық тастар үйінді болып тұтас көше бойы тұрғындары үйлеріне кіре алмай қалған. Тұрғындар Сабатаев көшесінде жасалған жөндеуден соңғы жұмыстың «нәтижесін» көрсетті. 

Міне, мұнда жол салып берді. Бәрі де тамаша, әдемі болды. Бірақ, міне, бір апта бұрын жолды төсегеннен осындай қоқыс қалып қойды. Қоқыс үйіндісінен көше жұрты үйімізге жете алмай қалдық. Жөндеуден кейін қалып қойған үйіндіні ешкім алар емес, – дейді ашынған тұрғындар. 

Көкшетау қалалық әкімдігіне қарасты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тиісті реттеу жұмыстарының жүретінін хабарлады. 

Жақын арада жабынды қалпына келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады, – деді Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.