19 жастағы жігіт Алматыда Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен.
ҰҚК Алматыда Шекара академиясы курсантының өліміне қатысты түсініктеме берді
Фото: qazaqstan.tv
1,058
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыдағы Шекара академиясы курсантының өліміне қатысты түсініктеме берді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“2024 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласының көпқабатты тұрғын үйінің ауласынан кезекті демалысқа босатылған 3-курс курсантының мәйіті табылды. Өліміне биіктен құлау себеп болған. Полиция органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Түрткі болған жағдайлар анықталып жатыр», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Алматыда 22 қыркүйекке қараған түні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының курсанты мерт болғанын жазған болатынбыз.

19 жастағы жігіт Алматыда Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.