Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жол апаты болып, үш адам мерт болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Белгілі болғандай, Zeekr 001 спорттық электромобилінің жүргізушісі Талғар-Есік тасжолында қарсы жолаққа шығып, Daewoo Matiz автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Daewoo Matiz-тегі екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Ал жүргізуші есін жимастан аудандық аурухананың реанимация бөлімінде көз жұмды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Zeekr 001 жүргізушісі қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.
Осы ретте полиция қызметкерлері барлық жүргізушіні жылдамдық режимін, жол қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз сақтауға және ҚР жол ережелерін бұзбауға шақырды.