Сотталушы сотта бұл қылмысқа қарызын өтеу мақсатында барғанын түсіндірген.
Балабақша бухгалтері бюджет қаражатынан 15 миллион  теңге жымқырған
2,070
оқылды

Балабақша бухгалтері қызмет бабын пайдалана отырып, өзіне сеніп тапсырылған аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 2021-2023 жылдары жалақысына коэффициентті қолдан өсіріп, банктегі шотына жалпы сомасы 15 миллион теңгеден астам ақша аударған.

Сотталушы сотта бұл қылмысқа қарызын өтеу мақсатында барғанын түсіндірген.

Оның кінәсі қылмысын мойындап, куәнің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, төлем құжаттарымен, сотта зерттелген тергеу және жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен расталды.

Күдіктінің шынайы өкінуі, келтірілген зиянды толық өтеуі және асырауында үш кәмелетке толмаған бала болуы жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды.

– Сотталушы ҚК-нің 189-бабы  4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан және 10 жылға мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда тауарлық-материалдық құндылықтарға билік етуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. ҚК-нің 63-бабына сүйене отырып, пробациялық бақылау белгіленіп, тағайындалған жаза шартты деп есептеледі, – деп жазылған Жоғарғы сот мәліметінде.

Сот үкімі заңды күшіне енді.