Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмған.
Өскеменде полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
388
оқылды

Өскемен қаласында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 18 қыркүйек күні шағын айналма жолда болған.

– ВАЗ 21140 маркалы жеке көлігін тізгіндеген полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол жолды дұрыс емес жерде кесіп өткен, – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 

Сот алдындағы тергеу жұмыстары жүріп жатыр.