Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
ҰҚК: Бірнеше қалада бас-аяғы 50 адам ұсталды
310
оқылды

2024 жылғы 18 қыркүйекте ҰҚК, ІІМ және БП ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстауға арналған операция жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Барлығы 50 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

– Олар тауарлар мен автокөліктерді аса ірі көлемде ұрлау арнасын ұйымдастырды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысты қаржыландырды деп күдіктелуде.

20-дан астам адамның сеніміне кіріп, 2 млрд теңгеден аса мүлік тонаған.

Топтың нақты иерархиясы мен қатысушыларының рөлдерінің бөлінуі болған, олар қылмыс пен деструктивті діни ортаның өкілдерінен, соның ішінде түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерден құралған.

Тінтулер барысында банк карталары, ірі ақша қаражаты, экстремистік әдебиеттер, ақша аударымдары жазылған жазбалар және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар табылды, – делінген хабарламада. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.