Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Елордада жылу беріле бастады
1,291
оқылды

Елордада әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қалада жылыту маусымы орташа тәуліктік температура +10 градус және одан төмен болғанда бес тәулік ішінде басталады. Алайда әлеуметтік нысандарға олардың өтінімдері бойынша жылыту маусымы басталғанға дейін жылу беріледі.

– Бүгінде орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 139 әлеуметтік нысан қосылған (мектептер, балабақшалар, емханалар және т.б.), – делінген хабарламада.