26 қыркүйекте еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр, қар жауады, ауа температурасы түнде 2-7 градусқа дейін төмендейді.
Ауа райы болжамы: "Жаңбырдың соңы қарға ұласып, -7 градусқа дейін суытады"
Фото: istockphoto.com
12,746
оқылды

"Қазгидромет" РМК 24-26 қыркүйекке ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы тәуліктерде республиканың солтүстігінде және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне орай 26 қыркүйекте еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр, қар жауады, ауа температурасы түнде 2-7 градусқа дейін төмендейді.

"Қалған аумақта солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз ауа температурасы төмендейді: республиканың батысында +18+26°С, солтүстікте, шығыста +5+10°С, орталықта +7+15°С, оңтүстікте +12+20°С, таулы аймақтарда +2+10°С дейін", –- делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.