Танымал әнші Мейрамбек Бесбаевтың жары Мархабат Бесбаева үшінші сәбиін дүниеге әкелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сүйінші жаңалықты желіде әнші Сәкен Майғазиев хабарлады.
«Алла ұлық! Жаратқан иемізге шексіз шүкірлер мен сансыз мақтаулар болсын! Мейрамбек пен Мархабат Әбіләшім әкеміз бен Жібек анамызға тағы бір немере сыйлады! Балапанымыздың бауы берік болсын! Саналы, иманды, білімді болып өссін», – дейді Майғазиев.
Айта кетері, жуырда Мархабат Бесбаева араға тоғыз жыл салып тағы да құрсақ көтергенін қуана хабарлаған болатын. Ерлі-зайыптының бір қыз және бір ұлы бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.