Үш күн бұрын қоқыс жәшігінің жанынан мәйіті табылған Вусал Джафаровтың шұлығынан ұнтақ, жанынан шприц табылған.
Ақтауда мәйіті қоқыс жәшігінің қасынан табылған спортшының жанынан шприц пен ұнтақ табылды
Фото: lada.kz
466
оқылды

Үш күн бұрын қоқыс жәшігінің жанынан мәйіті табылған Вусал Джафаровтың шұлығынан ұнтақ, жанынан шприц табылған. Бұл туралы Маңғыстау облысының Полиция департаменті мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«2024 жылдың 20 қыркүйегі күні кешкі сағат 22:30 шамасында үйлердің артынан, ағаштар арасынан денесі шіріп кеткен ер адамның мәйіті табылды. Оның кім екені анықталды. Оқиға орнын қараған кезде шприц, ал ер адамның шұлығының ішінен ұнтақ табылды. Қаза тапқан ер адам бұрын ұрлық жасап, адам бопсалағаны үшін сотты болған», – деп хабарлады Маңғыстау облысының Полиция департаменті.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде аралас жекпе-жек шебері Вусал Джафаровтың суреті тарады. Оның денесі бұзылып, әбден ісіп, қарайып кеткен. Полиция департаменті мәйіттің 20 қыркүйекте табылғанын растады.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.