Алматыда биіктен секіріп, көз жұмған оқушы қыздың әкесі Евгений Мұхамеджанов желідегі парақшасында қызының өліміне қатысты жазба жариялады.
"Адамдар жиіркенішті дүниелер жазады": Алматыда биіктен құлап, көз жұмған оқушының әкесі жазба жариялады
Фото Евгений Мұхамеджановтың желідегі парақшасынан алынған
1,463
оқылды

Алматыда биіктен секіріп, көз жұмған оқушы қыздың әкесі Евгений Мұхамеджанов желідегі парақшасында қызының өліміне қатысты жазба жариялады, – деп хабарлады Aikyn.kz.

"Осы күндері бізді шын жүректен қолдаған барша жандарға алғыс айтамын. Менің кішкентай періштемнің жәннатта жүргеніне бір апта болды. Әзірге миым болған оқиғаны толығымен қабылдаудан бас тартады. Қазір бар ойымды жұмысқа бөліп отырмын. Бұл оңай емес... Біз, шынымен, тергеу органдарына сенеміз. Біздегі резонанс арқылы біз басқа жағдайларды да толығырақ қарастыра аламыз", – деді марқұмның әкесі Евгений Мұхамеджанов.

Полицейлер жалған ақпарат таратқан адам қылмыстық жауапқа тартылатынын барлығына ескерткеніне ризамын,– дейді ол.

"Адамдар қаншама сандырақ және кейде жиіркенішті нәрселер жазады. Әсіресе, мұны бұқаралық ақпарат құралдары істегенде одан да жаман. Мұндай жаңалықты оқу өте қиын", – деді белгілі эколог.

Еске салсақ, 16 қыркүйекте Алматыдағы тұрғын үйдің жанынан екі оқушы қыздың денесі табылды. Олардың бірі эколог Евгений Мұхамеджанов пен суретші Балқия Мұхамеджанованың қызы екені белгілі болды

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.