Премьер-Министрдің өкімімен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ермек Маржықпаев 1969 жылы қазіргі Астана қаласында дүниеге келген.
Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын, «Тұран» университетін, Көкшетау университетін бітірген.
Әр жылдары түрлі лауазымдарды атқарды.
2019-2023 жылдары Ақмола облысының әкімі болып қызмет етті.
2023-2024 жылдары – ҚР Туризм және спорт министрі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.