Биыл Tugan Qala форумы Хромтаудағы Кеншілер мәдениет үйінде өтті. Форумға мемлекеттік орган қызметкерлері, өнеркәсіп индустрия өкілдері, шараны ұйымдастырушы бастамашыл тұрғындар және форум бағдарламасын әзірлеген Дөң ТКБК қызметкерлері мен қазхромдықтар қатысты.
Tugan Qala  армандарыңды іске асыруға асық!
312
оқылды

150-ге жуық адамның басын қосқан жиында тұрғындардың ұсынысы бойынша қаланың тарихи орындарына квест, Tugan Qala бастамасымен бой көтерген нысандарды тегіс қамтып, қатысушылар өздерін қызықтырған тренингтер мен шеберлік сабақтарына қатыса алды. 

Tugan Qala жобасы – ERG жыл сайын облыс әкімдіктерімен арада жасалған ме­морандумдар аясында бөлінген қара­жат­­тың қайда бағытталатынын тұр­ғын­дар­дың шешуіне мүмкіндік беретін бас­тама. Түпкі мақсат – кәсіпорындардан түскен қаражаттың қай инфақұрылым ны­сандарына жұмсалуы тиіс екенін және қа­лада қандай нысандар салынатынын тұр­ғындардың өздері анықтап, сол арқы­лы қаланың дамуына тікелей өздерінің атсалысуына жол ашу. 

Бастама Хромтау, Ақсу, Рудный қала­лары мен Қашар және Октябрьский кент­терінде іске асырылып жатыр. Биыл Ли­саковск қаласында да өтінімдер қа­был­данды. Жалпы, Tugan Qala жобасы 2019 жылы қолға алынды. Оның аясында бү­гінге дейін 144 әлеуметтік нысан са­лы­нып, іске қосылған. Олардың қатарында ба­лалар мен спорт алаңдары, арт-ны­сан­дар мен инклюзивті жағажай, шаңғы рол­­лер жолы және т.с.с. бар. Tugan Qala жо­басы аясындағы бастамаларды іске асы­руға ERG жалпы сомасы 690 млн тең­геден астам қаражат бағыттаған.

– Tugan Qala жобалары – моноқа­ла­лар­ды қолдау, оларды дамыту мен ондағы тұр­ғындардың өмір сапасын жақсартуға қа­тысты Президент Жолдауында айтыл­ған тапсырмалар үдесінен табылады, – деді ERG Директорлары кеңесінің төр-а­ға­сы Шухрат Ибрагимов. – ERG ком­па­ниясы моноқалалардағы өсім потен­циа­лын айқын аңғарып, нақты сол жер­лерге ин­вестиция құйып келеді. Тек соңғы 4 жыл­да осы қаладағы әлеуметтік баста­ма­лар­ды іске асыруға 2,2 млрд тең­геден ас­там қаражат бағытталды. 

Форум қонақтары Tugan Qala жоба­сы­ның Хромтаудағы алты нысанын ара­лап шықты. Олар сондай-ақ қалаға арнап ті­лектерін арнайы баннерге жазып қал­дыр­ды. Қалаған адам орталық саябақ­тан бас­тап Ауған соғысы ардагерлеріне ар­налған ескерткішке дейін автобуспен серуендеді.

– Форумға қатысқан қонақтар көбіне 10-12 миллион теңгеге сапалы, толық­қан­ды инфрақұрылым объектілерін іске асыруға болатынын көріп, таңғалды, – дейді форумды ұйымдастырушылардың бірі Әлеуметтік технологияларды дамыту қауымдастығының менеджері Гауһар Асылбек. 

– Бұл – Tugan Qala жобасының тиім­ді­лігінің айқын дәлелі. Форум Хромтау қа­ласының дамуына септесіп, қала тұр­ғын­дарының өмір сүру сапасын жақ­сар­туға бағытталған. Жобаның бірегейлігі мен қаржыландыру көлемі тұрғындардың жо­баларға белсенді қатысуына және олар­дың іс жүзінде жүзеге асуына жол аша­ды.

Одан бөлек, форумға қатысушыларға Қа­зақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік, қар­жы, психология, сәулет және құры­лыс салаларындағы жетекші сарап­шы­лар­дың тренингтері мен шеберлік сабақ­тары жоспарланған. Мемлекеттік орган­дар және бизнеспен бірлесіп, қауымдас­тық­тар құру жайлы шеберлік сабағы да бар. Форум меймандары бастаманың «Идея­дан іске асқанға дейінгі» барлық са­тыларымен жіті таныса алады. 

– Біздің қызметкерлер мен жергілікті тұр­ғындар белсенділік танытып, өз бас­та­маларын ұсынбаса, ERG-дің Tugan Qala сынды жобалары іске аспайды. Жыл сайын бастамаға атсалысатындар қатары артып келеді. Біз армандағы қаланы бір­ге, ортақ іске жұмыла күш біріктіре оты­рып қалыптастырамыз, – деді ERG-дің Қа­зақстандағы бас директоры Серік Ша­хажанов. – Оның үстіне, біз компания қызметіне ESG-қағидаттарын кіріктіру мен шағын қалаларды орнықты дамыту­дың экологиялық, әлеуметтік және бас­қару­шылық аспектілерін жете түсінеміз. 

Форум қорытындысында онлайн-бай­қау мен квест жеңімпаздары мара­пат­талып, оларға естелік сыйлықтар мен дип­ломдар табыс етілді.